Жаңақала ауданында Жастар ресурстық орталығының мамандары және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Алихан Избанов және Избасхан Қапашев колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ішкі істер қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы бопсалау, зорлық-зомбылық, электронды темекі, түнгі кезде жастардың көшеде жүруі бойынша ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Олар студенттерге Жастар ресурстық орталығының жұмысын таныстырып, бағдарламалар туралы түсіндірме жүргізіп, волонтер болуға шақырды.
zhaikpress.kz