Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық онлайн жарысында жерлесіміз Салтанат Елубайқызы қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды.
С.Елубайқызы Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маман-есепшісі болып қызмет атқарады. Жеке бапкері - Қайрат Маратұлы. Жыл сайын аудан намысын абыройлы қорғап жүрген спортшымызға тек сәттілік тілейміз.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz