Жаңақала ауданы әкімі ғимаратының ауласына ауыл азаматы Аслан Сәуірбаев 25 түп бозарша (лат. Thúja) ағашын сыйға тартты. Ауласына түрлі жеміс ағаштарымен қоса, қарағай, шырша, бозарша ағаштарын еккен ауылдасымыз барлығын дәнінен бастап өсіруді қолға алған.
Тұқымын облысымыздағы бақтардан, сонымен қоса Түркия, Сауд Арабиясы елдерінен арнайы алдырып, Жаңақала жеріне жерсіндірген. Алғашында асқан шыдамдылық пен төзімді қажет ететін қылқанжапырақтылардың дәнінен бастап бой көтергеніне 2 жыл болған.
Ауылымыздың жасыл желекке айналуына өз үлесімді қоссам деген Аслан Қазыбекұлы сауапты ісін басқалар да жалғастырып, туған жердің түлеуіне өз үлестерін қосса дейді.
Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы