«Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы және Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырған «Үздік жас маман - 2018» республикалық байқауы мәресіне жетті.
Байқауға Жаңақала колледжінің оқытушысы Гүлжайна Ишанғалиева қатысып, бақ сынаған еді. Байқау нәтижесінде Гүлжайна Әбуқызы жүлделі II орынды иеленіп, ұйымдастырушылардың арнайы дипломы және төсбелгісімен марапатталды.
Ақсұңқар Сәдір,
Жаңақала ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер