25.09.2025, 23:25
Оқылды: 150

Жаңақалалық жас өнерпаздар үздіктер қатарынан көрінді

Бүгін Орал қаласында «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Жуырда Жаңақала ауданында өткен аудандық кезеңінен жүлдегер атанған жас өрендер үлкен дода да бақ сынады. Нәтижесінде жаңақалалық жас өнерпаздар үздік үштіктің қатарынан табылды.
image-25-09-25-03-59
«Тартынбай сөйлер асылмын..» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бағамы бойынша М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Жанәділ Талғатұлы 2 орынның биігінен көрінсе, “Ұлы Арман” - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу номинациясы бойынша Е.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Айсезім Қуанышқали 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.  «Шашақты найза, шалқар күй»  – Махамбет күйлерін орындау бағамы бойынша №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы  Алина Мергенғали 2 орынға табан тіреді. Өр тұлғаны дәріптеп, аудан беделін асқақтатқан оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале