Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 2012–2013 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен ашық қалалық турнир өтті. Жарысқа қатысқан Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің шәкірттері сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ, 33 келі салмақ дәрежесінде Назеркем Бақытжан үздік күрес үлгісін көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ал 52 келі салмақта белдескен Сезім Бауыржанқызы күміс жүлдені иеленіп, аудан намысын абыроймен қорғады.
Жас спортшылардың жаттықтырушысы Әділет Қалиарыстанов шәкірттерінің табандылығы мен тынымсыз еңбегін атап өтіп, жарысқа қатысуға қолдау білдірген ата-аналарға алғысын жеткізді.
– Спортшыларымыздың әр жетістігі – үлкен еңбек пен тәртіптің жемісі. Алдағы жарыстарда да жеңісті күндеріміз көп болсын, – дейді бапкер.
Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы