1.05.2025, 12:00
Оқылды: 402

Жаңақалалықтар бірлік күнін тойлауда

Жаңақала ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлігі бекем, тірлігі көркем – мәңгілік Ел Қазақстан!» мерекелік кеші өтті.

image-30-04-25-07-25-3 (1)Шара барысында кітапханашы Саят Ермекқызы «Ел бірлігі ең асыл қасиет» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сөз алған аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар берекелі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

image-30-04-25-07-25-6

Әрі қарай, Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы Дархан Қадерұлы Құрманғазының күйі «Балбырауынды» құлақ құрышын қандыра ойнап, жиналған көрермендер бір серпіліп қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығы негізінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл» мерекелік медальімен марапатталған жерлесіміз Дулат Мақатовқа сөз беріліп, бейбітшілік пен ынтымақтықты бірлестіріп, бір тудың астында күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерін мерекелерімен құттықтады.

image-30-04-25-07-25-7

Сонымен қатар, жиналғандар жиында бас қосқан ұлт өкілдерінің дайындаған дастарханынан ауыз етіп, өнерлерін тамашалады. Әр ұлттың билері назарға ұсынылып, кітапхана оқымандарының орындауындағы әндер шырқалды. «Жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір» демекші, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік, бауырмал ұлт өкілдерінің сазды кеші естелік суреттерге түсумен қорытындыланды.

 

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале