21.05.2021, 9:58
Оқылды: 47

Жаңақалалықтар қайырымдылықтан қалыс қалмайды

Рамазан – айлардың сұлтаны, ең қайырлысы, уақыттың ең қасиетті де киелісі. Осы ай ішінде Жаңақала ауданының жомарт жандары ауылдастарына қайырымды іс жасап, жәрдемдесті. Рамазан айының соңғы күнінде де шаруа қожалықтары бірігіп, сауапты іс жасады.

Рамазан айындағы қайырымдылық (2)

Нақтырақ айтсақ, олар мүгедек жандар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көпбалалы 50 отбасыны азық-түлікпен қамтыды. Қолы ашық, жаны жомарт демеушілер ұн, май, шай, макарон өнімдері мен күнделікті тұтынуға арналған, жалпы салмағы үш тоннадай азық-түлік себетін таратты. Әзірленген тоннадай азық-түлік себетінің 21 данасы аудан орталығына таратылса, қалғаны ауылдық округтерге жіберілді.

 

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале