Бүгін Жаңақала ауданында “51809-В” әскери бөлімше сарбаздарын шығарып салу рәсімі өтті.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныш күштерінің сарбаздары Отан алдындағы борыштарын өтеп, абыроймен үйлеріне оралғалы тұр. Жиынға аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев, “51809-В”әскери бөлімінің командирі, майор Арслан Кушкенұлы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің әскери жетекшісі, запастағы лейтенант Батыр Болатұлы және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ранилұлы қатысты.

Алпамыс Жаңабайұлы құттықтау сөз алып, үлкен асу баспалдағында тұрған сарбаздарға алғысын айтты. Содан кейін сарбаздардың ата-анасына арналған алғысхат пен сыйлық табыс етілді.
Әрі қарай, Жаңақала ЖОББМ жанынан құрылған “Отан” әскери патриоттық клубының мүшелері және “Жас сарбаз” тәрбиеленушілері “Қару жарақты жабдықтау” рәсімін өткізді. Әскер қатарында қызмет етіп, 1 жыл бұрын ел алдында қабылдаған антында тұрған ер-азаматтарды шығарып салу рәсімі Қуанышбек Айдарбековтің “Жерім менің” әнімен қорытындыланды.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
