8.11.2021, 12:30
Оқылды: 40

Жаңақалалықтар тал егіп, табиғатты аялады

Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай. Бұны жете түсінген азат елдің ұландары бүгінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тал егіп, табиғатты аялауда. Мұндай игі іске жаңақалалықтар да біркісідей атсалысуда. Сенбі күні Жаңақала ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан орталығының көшелеріне көрік беретін жасыл желектер егілді.

33

Табиғат жанашырлары бір күннің өзінде Бабажанов көшесіндегі тас жолдың маңына 90-нан аса әртүрлі ағаш көшетін отырғызған.

34

Шараны ұйымдастырушылар егілген ағаштар таза ауа беріп ғана қоймай, жаңадан салынған жолдың сәнін аша түсетінін айтады.

Құндыз Мержанқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале