6.05.2025, 11:00
Оқылды: 397

Жаңақаланың алыптары анықталды

Жаңақала ауданында Отан қорғаушылар күніне орай аудандық «Толағай» алыптар сайысы оздырылды.

image-06-05-25-07-46-7

Аталған шараны «Jastar» спорт клубы ұйымдастырды. Алдымен бақ сынайтын спортшыларға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.

image-06-05-25-07-46-6

Бұл додада ауданның күш-қуаты мол, шыдамдылығы жоғары 15 жігіт өзара бақ сынасып, нағыз ер азаматқа тән қасиеттерін паш етті. Олардың ішінде спорттың әр түрінен ауданымыздың алдыңғы қатардағы және облыстық кезеңге қатысып, жақсы нәтиже көрсеткендері бар.

image-06-05-25-07-46-3

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту бойынша ауданда көптеген спорттық іс-шара өткізілуде. Соның бірі жыл сайын ұйымдастырылатын “Толағай” алыптар сайысы.

image-06-05-25-07-46-4

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, салмағы 320 келі тартатын К700 маркалы ауыр техниканың тегершігін 10 метр жерге аударып апару, 32 келілік 4 гір тасын   жылдамдыққа көтеріп жүру, салмағы 40, 60, 80, 100 келілік құм толтырған қапшықтарды 200 литрлік бөшкенің үстіне қою, 2 минут ішінде ұзындығы 3 метрлік, салмағы 90 келілік бөренені иыққа салып отырып тұру бойынша сынға түсті. Сайыстағы керекті құрал-жабдықтар жаңбырмен ауырлап, тегершік су болып қолға ілікпей, алыптарға біраз кедергі келтірсе де  спортшылар барын салды. Әрбір тапсырма — тек физикалық күшті ғана емес, төзімділік, ептілік пен табандылықты талап етті.

image-06-05-25-07-46-5

Сайыс қорытындысы бойынша І орынға  Алдаберген Қарасаев ие болды. ІІ орынды Тілек Бақтығалиев қанжығалады. Көпжасарлық Нұрәлім Сағидуллинов үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Алыптар сайысына қатысушылардың барлығына естелік сыйлық табысталды.

image-06-05-25-07-46-1

"Толағай" алыптар сайысы — жай ғана жарыс емес, ұлттық рухты, батырлық болмысты жаңғыртатын дәстүрлі шара. Осындай байқаулар ел ішіндегі шымыр ұландардың көбеюіне, дене тәрбиесін дәріптеуге мол үлес қосады.

Сыйлыхан Жұмасалық,

Жаңақала ауданы

image-06-05-25-07-46

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале