Warning: session_start(): open(/tmp/sess_tbjmqar399p1trdiqbhuv66j8n, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жаңарған ғимарат, жаңғырған тарих - официальные новости ЗКО
28.12.2025, 16:30
Оқылды: 104

Жаңарған ғимарат, жаңғырған тарих

Сырым ауданында «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің алғашқы саны жарық көргеніне 95 жыл толуына орай мәдени-көпшілік шаралар өтті.

IMG_7975

Ақын, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылары Одағы БҚО филиалының төрайымы Дариға Мұштанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Донеділ Қажымов, ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев, фотожурналист Рафхат Халелов, өлкетанушы, М. Маметова атындағы мемориалдық музейінің директоры Ахмедияр Батырханов секілді зиялы қауым өкілдері және медиа саласының мамандары тележурналист Лұқпан Елеу, “Жайық Пресс” ЖШС бас директоры Дархан Оразов, Бәйтерек аудандық “Ауыл тынысы” газетінің редакторы Сәкен Әбілхалықов, Шыңғырлау аудандық “Серпін” газетінің редакторы Қаршыға Елемесов, Қаратөбе ауданынан ішкі саясат бөлімінің басшысы, журналист Нұртас Сафуллин мен “Қаратөбе өңірі” газетінің редакторы Бекжан Қойшекенов секілді газет тойының қонақтарын Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов қарсы алды. Қазталов ауданынан аудан әкімі, Сырым топырағында табысты еңбек еткен қайраткер азамат Асланбек Сарқұловтың сәлемін арқалап әкім орынбасары Серік Қайырлиев пен ауданы әкімінің көмекшісі, баспасөз хатшысы Асылбек Байғазиев келді.

IMG_7979
Ақ дәм ұсынылып, кейін меймандар С. Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейіндегі “Орынбордан Жымпитыға дейін…” атты көрмені тамашалады.
1913 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар «Каримов – Хусайновтар» баспаханасында «Қазақ» атты қоғамдық – саяси, әдеби басылым шығарғаны белгілі. Осы газеттің тұрақты авторларының бірі ретінде, жалпы сол уақытта ағарту ісі үшін сапқа тұрған арыстардың қатарында дәрігер, ақын Ахмет Маметовтың есімі аталады. Баспасөз тарихын зерттеуші Қазыбек Құттымұратұлы Ахмет Маметовтың алғашқы өлеңдері 1912 жылы шыққан «Қазақстан» газетінде, ал жалынды жырлары мен саяси сараптамалық мақалалары «Қазақ» басылымында, «Айқап» журналында басылғанын айтады.
1916 жылы босқын қазақтарға көмек беру үшін бір топ ұлт зиялысы «Қазақ» газетінің бетінде үндеу жариялайды. Үндеушілер ретінде Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Ж. Жәнібековтармен бірге бұл тізімде А. Маметовтың да есімі аталады.
Сол жарық шоғыр – көсем Әлихан, ұстаз Ахметтер дәрігер Ахметті Орал өңіріне мәртебелі әрі ауыр миссиямен жібереді. Ол – газет ісі. Міне, «Қазақ» секілді қуатты басылымның кадры, Алаш деген идеяны иығымен көтерген нардың бірі, сұңғыла саналы Ахмет Маметовтың газет туын тіккен жері – Жымпиты. ХХ ғасырдың басында Жымпиты өңірінде басылды деген екі газеттің аты айтылады. Бірі – «Еркін қазақ», екіншісі «Ерік». Екеуінің де керуенін сүйреуші – Ахмет Маметов. Ол туралы өзі өмірбаянында: После революции с конца 1919 года состоял редактором газеты «Ерік» в г. Уральске органа Губкома РКП(б). Весною 1920 г. газета «Ерік» была переведена в г.Джамбейты(ныне Жампиты) и я был переброшен Губкомом в качестве редактора, был агитатором при Джамбейтинском УкомеРКП(б), и секретарем Укома молодежи, участвовал во многих советско-партийных работах.» - деп жазады.
1934 жылы 4 желтоқсанда жазылған бұл жазба ҚР Президентінің Архивінің қорында сақтаулы тұр. (Қор №141, жазба №17, іс № 964, лл. 127, 127 об., 128)
Жымпиты өңіріндегі газет ісі алғашқы мәліметтерді Жымпитыда болған, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин де «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи-мемуарлық романына арқау еткен.
Бұл тарихи фактілер бүгінгі «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің қатардағы баспа құралы емес, Алаш оқығандары орынынан қозғаған еркіндік идеясының қарлығашы, ұлы істің мұрагері екенін көрсетеді.
Көрменің “Орынбордан Жымпитыға дейін…” - деп аталуы содан.

IMG_7986

2025 жылы «Жайық Пресс» медиахолдингі Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен жарқын бір істі тиянақтады. Жымпитыдағы «Сырым елі» газетінің редакциясы күрделі жөндеуден өтті.
Той өтеді, тағылым қалады. Газет үйінің жаңаруы – баспасөзге деген қамқорлық, жазу адамдарына деген құрмет.
Кеше күрделі жөндеуден шыққан редакция қайта пайдалануға берілді.
Жерлес физик - ғалым жаңарған ғимаратқа көрімдік ретінде үш кілем сыйласа, белгілі спортшы Бауыржан Бегайдаров редакцияның ішкі көрнекіліктерін жасатып берді. Ал, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, “Жібек жолы” шаруа қожалығының басшысы Ғанимат Нұрмұханов баспасөз үйіне жиһаз алуға жарты миллион теңге көлемінде көмек беретінін айтты.

PHOTO-2025-12-28-11-49-21
Редакцияның қасбетіне Алаш қайраткері, ағартушы, ақын, дәрігер , Жымпитыдағы баспасөздің негізін салушы Ахмет Маметовтың суреті мен жырының “Бұл заман - өнер - ғылым заманасы, Жалқаулық, надандықты ойыңа алма!” - деген үзіндісі ілінді.
Биыл Ахаңның туғанына - 130 жыл.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале