27.11.2020, 21:18
Оқылды: 5

Жаңарған "Жалпақтал"

Бүгін Казталов ауданы Жалпақтал ауылында үш жыл бойы халық игілігі үшін үздіксіз қызмет етіп келе жатқан "Жалпақтал" супермаркеті күрделі жөндеуден өтіп, жаңа үлгідегі жаңарған қалпымен тұтынушыларына есігін ашты.

DA7725F5-A7EA-42BB-AC50-44E90878803F

-Жалпақталдықтар мен ауылға келген барлық тұтынушылардың сенімінен шыға алған сауда орнымызды халықтың талабына сай жаңаша жабдықтап, дизайнын да өзгертіп, заманауи техникалармен толықтырдық. Бүгінгі таңда тұтынушылардың талабы өте жоғары. Сондықтан кәсібімізді дамыта отырып, заман ағымына сай ұжымымызбен сапалы еңбек етуді ұйғарған біздер "Жалпақтал" супермаркетінің лентасын қайтадан қиып, жаңаша бағытпен келушілерге есігімізді ашып отырмыз.

Супермаркетте тұтынушылардың барлық талаптары қамтылған. Халық сұранысына орай наубайханамызды кеңейтіп, көтерме қойманы да ашуды жөн санадық. Өз өнімімізді сататын наубайхана, ет өнімдері, аксессуарлар мен киім-кешек сататын арнайы бөлімдер ашылды. Ұжымда жиырма бестен астам адам еңбек етеді. Саудасын молынан жасап, көп тауарлар сатып алған тұтынушыларымыздың алған заттарын үйлеріне тегін де жеткізіп береміз. Ол үшін арнайы техника (мотоцикл) да сатып алдық, - дейді супермаркет иесі Альбина Жандосқызы.

B5637A88-2B36-4DB9-80AB-A9429A2DE04B

Біз "кәсібім - нәсібім" деп өз істеріне құрметпен қарайтын жаңашыл кәсіпкеріміздің соны жаңалығын елге жариялап, олардың бастамаларын сүйіншілеуге асықтық.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале