19.03.2024, 19:00
Оқылды: 9

Жаңару күні Бөрліде ағаш көшеттері отырғызылды

19 наурыз – Жаңару күні. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні осылай аталған еді. Бүгінгі жаңару күні Ақсай қаласының «Наурыз» саябағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. «Жаңа көшеттер – жаңа идеялар – ел дамуының жаңа кезеңі» атты шараға Бөрлі ауданының әкімшілігі, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

2c9ee3d5-ef45-497a-bab7-8fcf437fdf02

- Бүгін наурыз мейрамының қарсаңында қаламызда экологиялық акция өтті. Қаламызда орналасқан саябақта Бөрлі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұқымбағынан арнайы әкелінген қарағай ағаштарын отырғыздық. Жыл сайын осындай акциялар ұйымдастырылып тұрады. Еліміздің көгалдандыруына бәріміз үлесімізді қосып жатырмыз. Осындай игі іске біз мекеме қызметкерлерімен бірге келіп отырмыз, - деді Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Төрехан Төлегенов.

Ағаш отырғызу –сауапты іс. Бұл іс өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі. Дана халқымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дегенді бекер айтпаса керек. Қатысушылар «туған жерімізді көгалдандыру әрбір қазақтың парызы, еліміздің дамуы жолында жаңаруға ұмтылайық» деген ұстаныммен бүгінгі шараға атсалысты.

#nauryznamabqo

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале