Кеше Теректі ауданыАқсуат ауылдық округі маңындағы тоғайдан өрт шықты. Теректің өртеніп жатқанын аталмыш ауылдың тұрғыны, мал іздеп жүрген Артем Ребенен байқап қалып, үйіндегі әжесіне жеткізген. Ал әжесі ауылдың WhatsApp тобына дереу хабарлама қалдырған.
- Хабарлама келген бойда лезде Орал қалалық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесіне қарасты Шаған орманшылығының қызметкерлеріне қоңырау шалдым. Олар көзді ашып-жұмғанша жанып жатқан теректі құлатып, өртті сөндірді. Осы орайда атаулы ұжымға рақмет айтамын.
Сонымен қатар оқиғаны жеткізіп, табиғатқа жанашырлық танытып, бей-жай қарамағаны үшін Артемге ризашылығым зор. Лебізімізді білдірейін деп үйіне іздеп барғанымызда, ол жоқ екен. Сондықтан Артемнің әжесі Марфия Жердеваға азғантай сыйлығымызды табыстадым, - дейді Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов.
Самал Жамет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz