24.09.2024, 21:25
Оқылды: 145

Жаңажолда кезекті түсіндірме жұмысы жүргізілді

Бүгін Жаңажол ауылдық округінде АЭС салудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Кездесуде халықтық штаб мүшелері Қуаныш Шарафутдин және аудандық мәслихат депутаты Дәурен Жағыпаров көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

IMG-20240924-WA0049

Басқосу барысында штаб өкілі Қуаныш Шарафутдин АЭС артықшылықтарын айтып қана өтпей, құрылымы бойынша сөз қозғап, халқымыздың санасына қорқынышты ұялатқан сыртқы елде болған апаттардың себептерін ашып айтып, келісім болған жағдайда болашақта орнатылатын жоғары деңгейлі атом энергетикасы қондырғыларының қауіпті тудырмайтындығына тоқталып өтті.

IMG-20240924-WA0055

Өз кезегінде халықтық штаб мүшелері Президенттің жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдап, АЭС еліміздің әлеуметтік ахуалын дамытуға үлкен ықпал ететінін пайымдады.

IMG-20240924-WA0047

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары Республикалық референдумда өз таңдауларын жасайтындығын жеткізді.

Фариза Эдикқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале