Қазақ күресінен жаңажолдық жас палуандардың бәсі жоғары. Өйткені, оларда күрес мектебі бұрыннан қалыптасқан. Айбек Ишанов баптаған талай шәкірт облыстық, республикалық додаларда сан мәрте жүлде салған болатын. Бүгінде Айбек Миразатұлының төл шәкірті Мәди Арыстанғалиев ұстазының жолын жалғап Жаңажол ауылының балаларын баптап, күрестің әдістерін үйретіп, жарыстарға қатыстырып жүр. Таяуда Орал спорт клубының ашық турнирінде Мәди дайындайтын шәкірттер аудан қоржынына жүлде салып, жерлестерін қуантты.
2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында 30 кг салмақ дәрежесінде Едіге Жүсіп жеңімпаз атанса, 50 келі салмақта сынға түскен Дамир Жүсіп күміспен күптелді. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында 23 кг салмақтан Сауран Серікқали ІІ орынға ие болды. Ал 29 кг салмақта күрескен Едіге Жүсіп финалда ғана сүрініп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
- Бапкерлікке келгеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Күресу мен оны үйрету екеуі мүлдем бөлек әлем. Жарыстарға барып, бағымызды сынап жүрміз. Баптаған шәкірттерім жүлде алып, төбемізді көкке жеткізуде. Мықтылардың көбі ауылдан шыққан, сол үшін ауыл балаларының талантын танып, бағын ашуға барынша жұмыстана береміз, - дейді М.Арыстанғалиев.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz