25.05.2024, 22:32
Оқылды: 97

Жаңажолдық түлектер жарық шамдар орнатты

Әр жыл сайын мектеп түлектерінің бас қосатын мамыр айындағы «Соңғы қоңырау» шарасы қарсаңында Казталов ауданына қарасты Жаңажол ауылында да мектеп түлектерінің туған еліне деген үлкен тарту сыйы жүзеге асып, 2004 жылы мектеп бітіріп, алтын ұяларынан түлеп ұшқан жергілікті түлектер өздерінің 20 жылдық кездесу кештерінің құрметіне орай Жаңажол ауылына кіреберістегі үш шақырымдық жолға жарық шамдар орнатып, туған ауылының қақпа табалдырығынан ауыл ішіне дейінгі аралықты күндізгідей етіп жарқыратып қойды.

InShot_20240525_223101206

Онда олар (түлектер) кеше өңірге танымал өнер адамдарын шақырып, ауыл тұрғындарына арнайы концерт қойып, заманауи үлгіде жасақталған қазақтың ақшаңқан киіз үйі мен өздері орнатқан жарық шамдарды салтанатты түрде пайдалануға беріп, лентасын қиғызды.

20240524214415_IMG_9059

Ауыл түлектерінің осыншама сый-тартуларына риза болған сол кездегі мектеп директоры болған осы елдің сыйлы азаматы Меңдібай Иманғалиев сөз алып, ауыл тұрғындары атынан елжанды түлектерге шынайы ризашылығын білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале