20.04.2023, 20:35
Оқылды: 65

Жандос - үздік ойыншы

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда  футболдан “Былғары доп” балалар мен жасөспірімдер турнирінің аудандық кезеңі өтті.
bc99d6e7-9921-4731-883d-f149938d82d2
IMG_1562
IMG_1571
39f76c7e-e851-4bf3-b95d-7326f666c18b
f77234eb-67ea-4a90-a6b3-c15346fb5687
IMG_1566
Турнирге 15 командадан 180-ге жуық жас былғары доп шеберлері қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Нәтижесінде, ІІІ орынды Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің, ІІ орынды Бұлдырты орта мектебі қанағат тұтса, оқ бойы озық шыққан Қ.Мырзалиев мектебінің командасы жеңіс тұрғырынан көрініп, облысқа жолдама алды.
Ойын барысында үздіктер де анықталды.
Жымпитылық Азиз Шайхиев “Үздік шабуылшы”, өлеңтілік Расул Ғаббасов “Үздік қақпашы”, бұлдыртылық Жандос Жәкенов “Үздік ойыншы” аталымдарына лайық деп танылып, диплом және медаль табысталды. Белсене қатысқаны үшін М.Қаналиев атындағы және Сырым мектеп-бөбекжай-балабақша кешендерінің құрамалары марапатталды.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале