28.09.2025, 17:30
Оқылды: 133

Жәнібек аудандық ауруханасының бас дәрігерін зейнет жасымен құттықтады

Бүгін Ғұмар бабаның мерейтойымен тұспа-тұс келген Жәнібек аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәуле Исмағұлованың зейнеткерлік жасқа толу қуанышы.

image-28-09-25-04-22

Осы орайда аудан орталығында «Әлем» мейрамханасында өтіп жатқан туған күн кешіне арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен аудан әкімі Тимур Шиниязовтың құттықтаухаттарын, Ғұмар Қараштың 150 жылдығына орай дайындалған мерекелік төсбелгіні табыстады.
Зейнет жасына толып жатқан Сәуле Мағауятқызына зор денсаулық тілеп, ақжарма тілегін арнады.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале