Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Садырбаевтың 2024 жылдың 3 қаңтардағы №02 бұйрығына сай, сонымен қатар конкурстық комиссияның шешімімен Асхат Жәмиев аудандық демалыс орталығының директоры лауазымына тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов Асхат Амангелдіұлын ұжымымен таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Асхат Амангелдіұлы Жәмиев 1981 жылдың 1 наурызында Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген. 2006-2008 жылдары Орал қаржы-экономикалық колледжінде «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», 2009-2011 жылдар аралығында Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «Есеп және аудит», 2020 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша білім алады. Еңбек жолын 2008 жылы Жәнібек аудандық білім беру бөлімінде мемлекеттік сатып алу бойынша маманы қызметінен бастаған. 2010 жылы Жәнібек аудандық білім беру бөлімінде есепші, 2019 жылы Жәнібек аудандық білім беру бөлімінде бас маман есепшісі қызметтерін атқарып келді.
Отбасылы, 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отыр.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz