23.07.2024, 12:15
Оқылды: 103

Жәнібек аудандық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязовтың 2024 жылғы 22 шілдедегі №105-ө өкімімен Миранбек Ибатов Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан басшысы Тимур Серікұлы жаңа басшыны ұжыммен таныстырып, жаңа қызметіне толайым табыс тіледі.

D8C1DE49-3131-4ACD-AD94-8F148985C05F

Миранбек Нұрланұлы 1974 жылы 8 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тегісшіл ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары.

1998 жылы Орал педогогикалық колледжін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих және география пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

74CBD016-2493-482B-9111-8E3F83077930

Еңбек жолын 1991 жылы Орал геофизикалық экспедициясында ІІ разрядты топоотрядта жұмысшы болып бастаған. 1993-2005 жылдары Тегісшіл негізгі білім беретін мектебінде мұғалім, 2005-2006 жылдар аралығында Тегісшіл орта білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогы, 2006-2007 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің істің орындалуын бақылау жөніндегі бас маманы, 2007-2008 жылдар аралығында Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы, 2008 жылы маусым-тамыз айлары аралығында Тау ауылдық округінің әкімі, 2008-2009 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылық жұмыс бөлімінің бөлім меңгерушісі, 2009-2010 жылдар аралығында Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, 2010-2012 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2012-2013 жылдары Жәнібек ауданы әкімінің бас инспекторы, 2013 жылы тамыз-қазан айларында Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, 2013-2016 жылдар аралығында Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2016 жылдың шілде айынан 29 желтоқсан аралығында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары аудандық білім беру бөлімінің басшысы, 2019 жылы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, 2020-2023 жылдары Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметтерін атқарды.

2023 жылдың 1 шілдесінен күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жәнібек ауданының мансап орталығы» басшысы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале