5.08.2024, 19:40
Оқылды: 119

Жәнібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев Жәнібек ауданында болып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы лауазымына бұған дейін Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы болған Лаура Насырованы тағайындады.

ADBC4DA6-3D58-4BD1-B8EE-7C5A7A605C58

Лаура Қарағойшықызы 1970 жылы 18 шілдеде БҚО Сырым ауданы Өлеңті ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Медициналық-профилактиқалық іс» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Орал қалалық мемлекеттік санитариялық-эпиедмиологиялық станциясының балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитариялық-дәрігері болып бастаған.

Әр жылдары Орал қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің меңгерушісі, Орал қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының коммуналдық гигена бөлімінің бас маманы, Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының инфекциялар ауруларды бақылау бөлімінің бас маманы, Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ескертпелі санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы тауарлармен мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале