Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов Халықаралық әйелдер мерекесіне орай жәнібектік бір топ ананы қабылдады. Қабылдаудың ерекшелігі – шаңырақ ұйытқысына айналып, қоғамдағы жайттарға үн қосқан, әр салада аудан дамуына зор үлес қосқан аналармен жүздесу һәм алғыс білдіру.
Қабылдауға қатысқан аналар өз салалары туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов пен «AMANAT» аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев те ортадан табылып, шуақты мерекемен құттықтады.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы