Жәнібек ауданында волейболдан аудандық, қалалық, облыстық әкімдіктердің мемлекеттік қызметшілері арасында Жәнібек ауданы әкімінің кубогі үшін жарыс өткен еді. Байрақты бәсекеде Бөкей ордасы ауданының намысын қорғаған команда жүлделі ІІ орынға ие болды.
Осынау доданың І орынын Ақжайық ауданы әкімдігінің командасы жеңіп алса, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің командасы иеленді.
Тартысты доп жарысында аудан командасы сапында ойын өрнегін көрсеткен Олжас Нүркенов «Үздік қорғаушы» аталымына ие болды.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы