Кеше «Жәнібек» спорт клубында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған Жәнібек ауданы әкімінің кубогі үшін волейболдан ерлер арасында жарыс өтті. Жарысқа 11 команда қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Нәтижесінде, аудан әкімінің кубогін Ұзынкөл ауылының командасына бұйырды. Екінші орынды «Хамза» командасы алса, үшінші орынға аудан әкімдігінің командасы табан тіреді. Сонымен қатар «Үздік байланыстырушы», «Үздік шабуылшы» аталымдарымен тиісінше Мейрамбек Зайнуллин мен Әзихан Зейекешов марапатталды.
Сондай-ақ спортшыларды қолдап келген тұрғындар да аз болмады. Солардың бірін, яғни Ғиният Құбашев «Үздік жанкүйер» аталымына ұсынып, марапаты табысталды.
Гүлзара Мәщи
Жәнібек ауданы
Фото авторы: О.Өтеғалиев