4.01.2024, 18:00
Оқылды: 51

Жәнібек ауданы: аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы сайланды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының  3 тармағына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихатының №15-14 шешімімен Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

20240104_102733 (4)

Осы орайда, аталмыш заңның 20-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өткізіліп, комиссияның жаңа төрағасы болып Жарқын Хаирлиев сайланды.

Хаирлиев Ғинатұлы 27.04.1975 жылы БҚО Жәнібек ауданы  Жәнібек ауылында дүниеге келген.

 Әр жылдары ауданда мемлекеттік қызметте еңбек етіп, атап айтсақ Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратында маман, бас маман, ауыл әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Жәнібек ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі, аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, қазіргі уақытқа дейін Жәнібек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру бойынша инспектор лауазымдарын атқарған.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале