12.09.2023, 16:15
Оқылды: 20

Жәнібек ауданы: ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып Нұрболат Зұлпықарұлы Әбдірешев тағайындалды.

39079A24-20D5-458A-884B-2A0C05458543

Аудан әкімі Тимур Шиниязов келелі істер атқаруда қажымас қайрат, жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрболат Әбдірешев 1962 жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Бисен ауылында өмірге келген. Білімі — жоғары. 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек атындағы совхозда қарапайым жұмысшысы ретінде бастаған.

1981-1983 жылдары Ресей Федерациясы Примория аймағында әскери борышын өтеді;

1983-1986 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы  Жәнібек ауылындағы аэропортының басшысы;

1986-1987 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жәнібек совхозының қызметшісі;

1987-1989 жылдар аралығында студент, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты;

1989 -1991 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Машина техникалық аула меңгеруші; 

1991-1992 жылдары  Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігінің жетекші инженері; 

1992-1995 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауыл шаруашылықаралық мекемесінің ферма меңгерушісі; 

1996-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы аэропортының басшысы;

2000-2005 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Орал дорстрой ДМЩ-27 Жәнібек учаскесінің мастері;

2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Орал дорстройының слесарі;

2008 жылы Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі бас маманының міндетін атқарушы;

2008-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;

2015-2017 жыдары Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2017-2019 жылдар аралығында Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 

Отбасылы, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале