19.03.2025, 15:15
Оқылды: 381

Жәнібек ауданы: Еңбек адамдары «AMANAT» партиясының алғысхатымен марапатталды 

Білікті мамандар тапшылығын жою білім беру жүйесінің жұмысымен тікелей байланысты екендігі айтпаса да белгілі.

image-19-03-25-01-33-2

Осы орайда 90 жылдық тарихы бар М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің жұмысшы мамандарды даярлауда маңызы айрықша.

image-19-03-25-01-33-5

Бүгін ауданымызға келген «AMANAT»партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев колледжге арнайы барып, білім ордасында қызмет атқарып жүрген еңбек адамдарымен кездесіп қайтты.

image-19-03-25-01-33-4

image-19-03-25-01-33-3

- Еңбекқор, кәсіби мамандар ең сыйлы жан болуы тиіс. Мемлекетімізді дамытушы да дәл осы адамдар. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалы «Еңбек адамына құрмет» атты іс-шара ұйымдастырып жатыр. Өздеріңіз сынды бар өмірін адал еңбекке арнаған, қоғамға пайдасы мол еңбек адамдарына құрмет көрсету біздің борышымыз, - деп колледждің бірнеше еңбекқор азаматы мен азаматшасына өз атынан алғысхаттар табыстады.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

image-19-03-25-01-33-1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале