22.01.2024, 23:58
Оқылды: 96

Жәнібек ауданы: «Қаладан – ауылға» қол бұлғайды!

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен кеңейтілген лездеме өтті. Лездемеге мекеме, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

421155451_928850709244604_4342836518647178273_n

Күн тәртібінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен аудандық ветеринариялық стансаның 2023 жылы атқарылған жұмыстары һәм 2024 жылға арналған жоспарлары қаралды. Сонымен қатар «Қаладан – ауылға» бағдарламасы бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Жиында алғаш болып сөз алған Нұрболат Әбдірешев «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысын айтты.

- Ауданымыздағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 64 несие алушы құжаттарын «Aqjaiyq» ӘКК тіркеуге алды. Бүгінгі 59 несие алушының құжаты толық мақұлданып комиссия қарауынан өтті. Құны 263,730 млн теңгені құрады. Соның ішінде 50 несие алушының есепшотына 226,630 млн теңге аударылды және 9 несие алушы 37,100 млн теңгенің есепшоттарына түсуін күтуде. Қалған 5 несие алушы комиссия қорытындысына байланысты 17,850 млн теңгені алады. Бағдарлама аясында 50 жаңа кәсіпкер жергілікті салық басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 50 жаңа жұмыс орны ашылып тұр,- деді кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Зұлыпқарұлы.

420658122_928850825911259_8911412922230610805_n

Сонымен қатар 176 бас сүтті және етті бағыттағы аналық мал және 701 бас ұсақ мүйізді мал алынып, ауылшаруашылық жануарларынының бірдейлендіру дерекқоры базасына тіркетіп, Aqjaiyq» ӘКК-ға есептері ұсынылған. Жалпы осы бағдарлама аясында ауданға барлығы 266 бас етті-сүтті бағыттағы тауарлы ірі қара малы және 983 тауарлы қой алынуы ықтимал. Бөлім басшысы аудандағы ауыл шаруашылығының дамуын кесте арқылы сараптап, жан-жақты баяндап берді. Аудандық ветеринариялық стансасының директоры Біржан Ғұбашев:

-2023 жылдың 12 айлық профилактикалық, диагностикалық және бірдейлендіру іс-шаралар жоспарлары толықтай орындалды. Осы жұмыстарды жүргізу үшін облыстық бюджеттен 158,8 млн теңге бөлініп, толықтай игерілді. Оның ішінде жоспарға сәйкес диагностикалық зерттеулер бойынша ірі қара бруцеллезін анықтауға 57 200 бас, ұсақ мүйізді малдардан 82 400 қан сынамалары алынып, аудандық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Тиісінше ірі қара малынан 234 бас бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп, ет комбинаттарына тапсырылды. Ұсақ малдардан бруцеллез ауруы анықталған жоқ,- деді өз сөзінде.

Қос бірдей бөлімнің жұмыстарына қаныққан жиынға қатысушылар аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариевті тыңдады. 2024 жылдың басында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің бастамасымен «Қаладан ауылға» бағдарламасы әзірленіп, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы №8 қаулысымен бекітілген болатын. Ендігі кезекте қызу жұмысты талап ететін бағдарламаның жалпы ережелерімен таныстырып, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жеткізді.

-«Қаладан ауылға» бағдарламасы бойынша 5 елді мекені іріктелді. Олар Ақоба, Жасқайрат, Борсы, Талов және Тау ауылдары. Осы 5 ауылдан соңғы 3 жылда қоныс аударған тұрғындардың саны көп. Ауылдарда бос тұрғын үйлер саны 65 дейін жетті. Жұмыссыздар саны 195 адам құрады.

Мектеп оқушылары мен бөбекжайларда тәрбиеленіп жүрген баладар саны азаюда. Бұл өз кезегінде білім орындарының жабылуына қауіп төндіреді,- деді Руслан Әсетұлы.

420769580_928850852577923_3201940139679054345_n

Бағдарлама шеңберінде ауылдарға тұрғындар келсе, оларды жұмыспен қамтып, қолдау көрсетілсе бұзылған үйлерден көз ашпаған ауылдарға сән кіріп қалар еді. Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы осы бағытта жұмыстануды тапсырды. Әртүрлі үгіт-насихат жүргізіп, қалада үйсіз не жұмыссыз жүрген жандарды қалайда ауылдың қақ төріне орналастыруды тапсырды. Жиын соңында ауылдық округтердегі бұралқы ит-мысықтарды биозалалсыздандырудан өткізуді және мал қорымдарын заңдастыру бағытындағы жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале