12.04.2025, 18:00
Оқылды: 86

Жәнібек ауданы: Қамыстыда жасыл желектер жайқалатын болады

Жәнібек ауданында сәуір-мамыр айлары санитариялық тазалық айлығы болып жарияланды. Ағаштар әктеліп, тал-теректер отырғызылып, қыстан шыққан күл-қоқыстар шығарылуда. Аудан орталығы мен барлық елді мекенінде сенбіліктер өтіп, мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсенділік танытуда.
image-12-04-25-01-10-7
Басшылық та қарап жатпай, өз үлестерін қосып жатыр. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов Қамысты ауылында өткен сенбілікке қатысып, тал-теректер отырғызу шарасына қатысты. Содан кейін аталған ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Нұрболат Мусин мен аудандық мәслихат депутаты Ринат Мұқатовпен бірге әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.
image-12-04-25-01-10-2
Ринат Геннадийұлы ауылға қатысты бірқатар мәселеге тоқталып, әкім орынбасарын құлағдар етті. Жаннұр Бекбауұлы айтылған барлық мәселені түртіп алып, аудан басшылығына жеткізетіндігін айтты.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале