6.11.2023, 17:15
Оқылды: 18

Жәнібек ауданы: кезектен тыс сессияда қандай мәселелер талқыланды?

Бүгін Жәнібек ауданында аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Тимур Шиниязов, орынбасары Мирболат Бисенов, бөлім басшылары мен аудан депутаттары қатысты.

399146789_875842927878716_4084457739225888009_n
Тахир Зинурұлы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның негізінде сессияның күн тәртібіне аудандық қаржыға өзгеріс енгізу, аудандық тексеріс құрамын және ережесін бекіту туралы мәселелерді ұсынды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет» жөніндегі шешімге өзгерістер енгізу туралы хабарласа, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Сәрсенғалиев жер комиссиясының, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова аудан әкімдігі бақылауындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов аудандық терроризмге қарсы комиссияның жаңа мүшелерін таныстырды. Осылайша сессия жұмысындағы өзгерістер бірауыздан мақұлданды.

Жиын соңында Тимур Серікұлы сөз алып, өзге жұмыстарды баяндап, сәттілік тіледі.

Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале