18.01.2024, 21:15
Оқылды: 63

Жәнібек ауданы: Қытымыр қыстағы қыстақтардың жағдайы қалай?

Малшы қауымның сыналар кезеңі – қыс мезгілі. Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов қыстақтарға арнайы барып, тұрғындармен пікірлесті.

IMG_20240117_202316_273

Әуелі Тау ауылындағы «Ұмтыл» қыстағына аялдады. «Қасен» шаруа қожалығының жетекшісі Биболат Шагиров асыл тұқымды ақбас сиырларын өсіреді.

IMG_20240117_202245_925

Аудан әкімі Тимур Серікұлы мал азығының жеткілікті дайындалғанына, арнайы техникалардың барына және электр жарығымен қамтылғанына көз жеткізді.

IMG_20240117_202242_077

Әрмен қарай «Стандарт» мал қыстағындағы «Дидар» шаруа қожалығына барды. Жетекшісі Талғар Өтешев ірі қара малы, жылқы шаруашылығымен айналысады. Үлкен шаруашылықтың жұмысымен таныстырып, жағдайдың бірқалыпта екендігін жеткізді. Аудан бойынша 2024-2025 жылдарындағы мал қыстағының өтуі туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев:

IMG_20240117_202307_271

- 2023-2024 жылдардың мал қыстату науқанында Жәнібек ауданындағы 117 қыстақта 70 000 мүйізді ірі қара малы, 64658 қой-ешкі, 21 051 жылқы және 102 түйе қыстауда. Ауылдық округтер берген ақпарат бойынша мал басы 2024 жылдың бесінші қаңтарында қыстаққа тұрды. Қыстақты өткізуге мал азығындағы қажеттілік 185 мың тонна шөп, іс жүзінде былтырғы мал азығы қорымен барлығы 185 мың тоннаға жетіп, 100 пайыз қамтамасыз етілді. Жем қажеттілігі бойынша 3,5 мың тонна, 3,2 мың тонна дайындалды. Мал азығы қыстың ұзақтығына байланысты 150 күнге есептелінді. Бүгінгі таңда қолда бар мал азығының қоры 145 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар 2,6 мың тонна жем азығы бар. Қазіргі уақытта мал азығы Ресей Федерациясынан 1750 тонна жем азығы алынса, 1492 тона облыс аумағынан дайындалды. Жем азығы дайындау жұмыстары әлі де жүріп жатыр,- деді өз сөзінде

IMG_20240117_202259_187

Сондай-ақ жем азығының сатылу құнына талдау жүргізілген. Жәнібек ауылында үш жерде сату нүктелері бар. Атап өтсек, «Искаков А.Б.» жеке кәсіпкер қоймасы, «Элеватор», «Ибраев Муса» дүкенінде жем сатылуда. Орташа бағасына келсек, 1 тоннасы 75 мың теңгені, кебектің 1 келісі 65 теңгені құрайды. Аудан аймағындағы 117 дала қыстағының 65 қыстағында жол қатынастары жоқ. Жол ашу, қардан тазалау жұмыстары жалғасуда.

Райымбек Шапағат,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале