Бүгін Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев келді.
Сапар барысында Казталов – Жәнібек – Ресей федерациясының шекарасы, Өнеге – Бисен – Сайхын бағытындағы республикалық маңызы бар жолдардың күрделі жөндеу жұмысын көріп, мердігерлерге жол құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, жолдың төменгі қабатымен жол қатынасын жасау жөнінде тапсырма берді.
Басқарма төрағасының сөзіне сүйенсек, жұмысты ұйымдастыру шараларына тапсырыс берушінің өзі тікелей араласып, мердігерлердің жұмысын күн сайын бақылап, нақты тапсырмалар беру керек.
Сонымен қатар құрылыс материалдарын теміржол арқылы тасымалдап, битумды Ресейден лимит бойынша кіргізуге рұқсат берілгендігін жеткізді. Битум – бүгінгі күнге дейін жол құрылысындағы ең түйіні шешілмеген мәселе болатын.
Қазіргі таңда жол құрылысын ұйымдастыруда барлық мәселе шешіліп, мердігерлерге нақты тапсырмалар берілген.
Сондай-ақ жұмыс сапар барысында аудандық мәслихат төрағасы Тахир Кадимов аудан депутаттары күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап, «AMANAT» партиясының партиялық бақылауында болатындығын айтты.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz