20.06.2024, 13:00
Оқылды: 164

Жәнібек ауданы: полиция бөлімінде «Қазақша QUIZ» ойыны өтті

Жәнібек аудандық полиция бөлімінің ғимаратында 23 маусым – ҚР Полиция күніне орай аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақша QUIZ» интеллектуалды ойыны өтті.

26799378-43DA-4B26-81ED-DA089417EF83

– Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аса үлкен жауапкершілікті арқалап, тұрғындардың өмірі мен тыныштығын қорғап жүрген қызметкерлердің қатаң тәртіпке бағынышты күнделікті жұмыс күндеріне өзге рең беріп, сергіту – шараның басты мақсаты, - деді орталық басшысы Мөлдір Әбдірешева.

Аталған шарада полиция қызметкерлерінің шапшаңдығы мен ізденімпаздығы сынға алынды.

3-4 қызметкерден топтасқан төрт команда алты кезеңді құрайтын сайыста ауызбіршіліктерін дәлелдеп жақсы көрсеткіш көрсетті. Сайыс барысында ойларын ширатып, логикалық сұрақтарға да жауап беріп, кино мен ән әлеміне сапар шегіп көңілдері бір көтеріліп қалған шенділеріміз мереке қарсаңында жақсы серпіліс болғанын айтты.

F473513A-8FC4-46D1-88E0-8B71F3C4B72B

Шараның бір ерекшелігі аудандық полиция бөлімі басшылығының да қызметкерлерімен бірге сайысқа қатысуы болды.

«Жалын», «Сұңқар», «Бірлік», «Тұлпар» командалары әдемі ойын өрнегін көрсетті. Алты кезеңде де оқ бойы оза шапқан полиция аға лейтенанты Мерей Қарағойшин, Әлия Рахматуллина, Медет Ебіновтен құрылған «Тұлпар» командасы сайыс жеңімпазы атанды.

Ойынның барлық қатысушыларына дипломдар беріліп, естелік сыйлықтар табысталды.

A8B16AD0-0AC2-4112-A8A4-7DA4746929A5

Шара соңында полиция бөлімі бастығының орынбасары Мейрамхан Бапақов ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, барша қызметтестерін кәсіби мерекемен құттықтап, еңбек жолдарына табыс пен сәттілік тіледі.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале