Аудандық «Жәнібек» спорт клубында самбо күресінен 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық аудандық біріншілік басталды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ашық аудандық біріншіліктің демеушілері Жалғас Құспанғалиев пен Алтынбек Исаевқа лебізін білдіріп, алғысхат табыстады.
Жарысқа Орал қаласының, Жалпақтал ауылының, Бөкей ордасы ауданының, Мұратсай ауылының, Тау, Қамысты ауылдарының және Жәнібек ауданының жас күресшілері қатысуда.
Командалар Мемлекеттік Гимнді асқан рухпен орындап, дайындыққа кірісті. Жарыс қорытындысы ертең белгілі болады.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz