Еліміз үшін тарихи маңызы зор сәтте шекара шебінде қызмет атқарып жүрген шекарашылар да ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасады. Референдум – халықтың еркін білдіретін, мемлекет дамуының маңызды бағытын айқындайтын саяси науқан. Осындай жауапты кезеңде ел тыныштығын күзетіп тұрған шекара қызметкерлері де азаматтық борыштарын орындап, дауыс беруге белсенді қатысты.

Мемлекет шекарасын күзетіп, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген шекарашылар үшін Отан алдындағы қызмет – ең басты міндет. Соған қарамастан, олар ел өміріндегі маңызды оқиғалардан тыс қалмай, референдумға қатысу арқылы өздерінің азаматтық жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті.
Ел тағдыры сынға түсетін тарихи кезеңдерде бірлік пен жауапкершілік ерекше маңызға ие. Шекара шебінде тұрған жауынгерлердің референдумға қатысуы – елге деген адалдықтың, мемлекет болашағына деген сенімнің айқын көрінісі.
Дәулет Гайнуллин,
Жәнібек ауданы