26.05.2024, 11:00
Оқылды: 70

Жәнібек ауданы: түлектер тартуы тәнті етті

Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында ауылды көркейтуге атсалысып, түрлі жобаларды іске асырып жататыны белгілі. Биыл да мектеп бітіргендеріне 20, 30 жыл болған түлектер қалыс қалмады. Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында «Рәміздер» аллеясы ашылса, №1 мектеп-лицейдің 1994 жылғы түлектері аудан орталығындағы «Түлектер» саябағына құны 600 мың теңге тұратын жаппа (беседка) сыйлады. 

image-25-05-24-08-22

- Жыл сайын мектепті бітірген түлектер туған жерінде, оқыған мектептерінде кездесіп, сағыныштарын басады. Биыл біздің мектер бітіргенімізге 30 жыл. 2022 жылы ауданның 100 жылдығына ооай «Түлектер» саябағы ашылып, жыл сайын саябақты абаттандырып, көркейтіп жатады. Біздер де титтей болса да үлесімізді қосып, тұрғындардың демалуға арналған орнын сыйға тарттық,- деді 1994 жылғы түлек Назгүл Жазықбаева.

image-25-05-24-08-22-1

Бұндай маңызды бастамалар келешекте өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Біз аталған ауылдың азаматтарына алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да осындай игі істің басынан табылатынына сенімдіміз.

image-25-05-24-08-22-3

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале