31.01.2024, 23:00
Оқылды: 101

Жәнібек ауданы: Тұрғын үйлер салынса, мәселе де шешілмек!

Әкім болудың басты мұраты – халыққа жақын болу. Күнделікті күйбең тіршілікте кездесетін мәселелерін әр адам өзі шешер. Ал қолы жіпсіз байланып, шарасыз күйге түскенде әрі күрделі мәселелерге келгенде кімге жүгінбек?

IMG-20240131-WA0079

Осындайда "Бәріміз біріміз, біріміз бәріміз үшін" деп қол ұшын созатын жандар табылса, игі. Табылмаған жағдайда, ең алдымен, өзі тұратын аудан не облыс басшысына жүгінері хақ.

Осы орайда бүгін Жәнібек аудан әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязов Жәнібек ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға дербес бөлім басшылары қатысты.

IMG-20240131-WA0071

Жеке қабылдауда болған Бакеш Есмурзин, Қисмет Шаққалиев тұрғын үй мәселесі бойынша келді. Бүгінгі таңда үй мәселесі - аудан тұрғындары үшін өзекті. Аудан әкімі Тимур Серікұлы егер 2024 жылдың жоспарына сәйкес қаражат бөлініп, тұрғын үйлер салынса, Бакеш Есмурзиннің «Зейнеткерлер» санаты бойынша баспаналы болатынына кепілдік берді. Өйткені ауыл тұрғыны үйге мұқтаж азаматтар кезегінде екінші болып тұр.

IMG-20240131-WA0069

Одан бөлек Нұрлан Садықов тұрақты жұмысқа орналастыруды сұрады. Оның сауалына аудандық мансап орталығының бас маманы Зухра Давлетчина жауап берді. Атаулы-әлеуметтік көмекті талап еткен Жәнібек ауылының тұрғыны Балауса Қабдығалиева комиссия мүшелеріне наразылығын білдірді. Түптеп келгенде бар мәселенің комиссия мүшелерінде емес, тұрғынның өзінде екені анықталды. Мұны ауыл әкімі Абзал Қаратаев талдап, себебін түсіндірді.

Аудан әкімі азаматтардың өтініштерін жерге тастамай, заң аясында мардымды жауап беріп, бөлім басшыларына аталмыш мәселелерге байланысты тапсырмалар берді.

Айсұлу Нұрболатқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале