Күні кеше Жәнібек ауданына Қостанай облысының Арқалық қаласынан жүк вагонымен 68 тонна арпа жеткізілді. Отыз бес келілік қапшыққа қапталған жемнің бағасы 3 мың 200 теңгеден саттыққа шығарылуда.
«Міне, қыстың соңғы айы аяқталып, көктемге де келіп жеттік. Қыстан шыққан малдың күйін көтеру үшін мал азықтық жем керек екені белгілі. Осыған орай көктемгі ауа райының қолайсыздығын ескеріп, әрі аудан үстінен өтетін Ресейдің Приволжск темір жолын тиімді пайдалана отырып, жоғарыда айтылған 68 тонна арпаны жеткіздік.
Жем вагоннан көліктермен қоймаға тасымалданып алынды. Қазіргі таңда келген өнімді аудан орталығы мен ауылдық округтерден келген тұрғындар алып жатыр», - дейді «Батыс алға» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Елдар Темірханов.
А.Есіркепов,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz