31.10.2025, 22:00
Оқылды: 101

Жәнібек ауданына тағы бір кәсіпорын тіркелді

Биыл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа кезекті Жолдауында инвестиция тарту керектігін нақты айтқан болатын. Жолдауда еліміз үшін жаңа инвестициялық кезеңді бастау аса маңызды екенін, экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына стратегиялық артықшылық беретінін және өңдеуші өнеркәсіп пен инновациялық секторларды бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік ашатыны айтылған.

photo-output

​Осы орайда Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов жерлесіміз, Талов ауылының төл перзенті, кәсіпкер Жаслан Ешмұхамбетовпен кездесіп, оның меншігіндегі кәсіпорындарының бірін ауданға тіркеу жөнінде келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде, мекемеден түскен салық аудан бюджетін көбейтетін болды. Түскен салық есебінен алдағы уақытта ауданымызда атқарылатын жұмыстарға үлкен қолдау болары сөзсіз. Қолдау көрсеткен жерлесімізге аудан Тимур Серікұлы ризашылығын білдірді.
​Айта кету керек, Жаслан Ешмұхамбетов мәрттік танытып, Ғұмар бабамыздың 150 жылдығына орай, ақын есімін тарихта қалдыратын пьесаның сценарийін жаздыруға 1 млн теңге көлемінде демеушілік жасады.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале