Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтуде.
Осы орайда Жәнібек ауданында ауыл ішінде қоғамдық көліктер 07:00-ден бастап 15:00-ге дейін ауыл тұрғындарын сайлау учаскелеріне тегін тасымалдайды.
Ауданда 136 сайлау учаскесі жұмыс жасауда.
Маңызды науқанда алғашқылардың бірі болып ауыл тұрғыны Нұрзада Сейтқалиева дауыс берді.
– Бүгін тарихи күн. Тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Әсіресе үлкен кісілердің белсенділігі жоғары. Сайлау учаскесіне ертемен келіп, дауыс берушілердің қарасы қалың, - деді Нұрзада Сейтқалиева.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz