Жәнібек ауданында желтоқсан айынан бастап ревакцинациялау науқаны басталды.
-Желтоқсан айынан бастап ауданда азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау басталды. Ревакцинация басталғанға дейін көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді: екпе кабинеттерінің дайындығын бақылау, ревакциянация алгоритмі бойынша медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларларын өткізу, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Бүгінгі күні аудан бойынша медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентінен 2664 адам КВИ-ге қарсы қайта вакцина алды. Ревакцинациялау «QazVac» вакцинасымен жүргізілуде.
Жалпы аудан тұрғындары ревакцинация алуда белсенділік танытуда. Орталық иммунитет қалыптастыруда ревакцинацияладың маңызы зор,- деді аудандық аурухананың бас дәрігері Сәуле Исмағұлова.
Айта кету керек, коронавирустық инфекция жұқтыруда Батыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа енді. Алайда, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы Іңкәр Хасайынованың айтуынша, Жәнібек ауданы «жасыл» аймақта.
Аудан бойынша КВИ жұқтырған адам өткен жылдың 21 жетоқсанында тіркелген. Дәрігерлер аудан тұрғындарынан сақ болып, масканы шешпеулерін сұрайды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz