8.03.2025, 13:18
Оқылды: 257

Жәнібек ауданында ардагер ұстаздар марапатталды

Әрбір адам өміріндегі ең алғашқы ұстазын, білім нәрімен сусындатқан, өмірге жол сілтеген аяулы жандарды ешқашан ұмытпайды.

Кеше Жәнібек аудан орталығындағы №1 мектеп-лицей базасында аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметовтың қатысуымен ардагер ұстаздарға арналған мерекелік шара өтті.

image-07-03-25-08-48-2

Жаннұр Бекбауұлы әйел қауымын айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар ардагер ұстазға алғысхат табыстады. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев пен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Маркс Нұфтағалиев облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаевтың алғысхатын бір топ ұстазға берді.

image-07-03-25-08-48
Шара барысында Т.Жароков атындағы орта мектебінің мұғалімі Тимур Тельманұлы «Ана, сен бақыттысың» әнін шырқаса, саз мектебінің директоры Жақсылық Бисенғалиев «Өмір» термесін орындады.

image-07-03-25-08-48-3
Шара соңында Жәнібек ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов аяулы аналарымызды құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

image-07-03-25-08-48-4
Мерекелік кешті мектеп ұстаздарынан құрылған хор «Ана туралы жыр» әнімен қорытындылады.

Бану Самат
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале