18.05.2024, 17:30
Оқылды: 50

Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Бүгін Жәнібек ауданындағы «Әлем» орталық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

444484584_1011881800941494_1184243299767434524_n

Жәрмеңкеде Қамысты және Борсы ауылдарынан келген 350 келі сиыр еті 1 кг – 2200 тг.), сүт өнімдерінен қаймақ (1 л – 4000 тг.), сары май (1 кг – 6000 тг.) және құрт (1 кг – 2000 тг.) сатылды. Сонымен қатар 100 бас 1200 теңгеден тауықтық балапаны, 50 бас 800 теңгеден үйректің балапаны, 25 бас 2200 теңгеден қаздың балапаны саудаланды.

442417083_1011882424274765_1546881570365164211_n

Сондай-ақ 100 түп 150 теңгеден қызанақ, 100 түп 200 теңгеден қияр, 170 түп 200 теңгеден гүл көшеттері сатылды.

444484210_1011882057608135_6655880858304667411_n

Айта кету керек, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі апта сайын «Әлем» базарында өткізіледі. Апта сайын әр ауылдық округтердің малы мен сүт өнімдері сатылымға шығарылады.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале