Жәнібек ауданына қарасты Борсы, Талов, Жақсыбай ауылдарында билер кеңесі құрылды.
Жәнібек аудандық сотының төрағасы Әсел Жамантаева аталған ауылдарда іссапармен болып, Жоғары сот кеңесшісі Сағатбек Сулейменнің бастамасына сәйкес ауылдық округтерде азаматтар арасындағы дау-дамай, жанжалдарды сотқа жеткізбей өзара бітімгершілікке келтіруге ықпал етуге арналған арнайы билер кеңесін құру туралы ұсыныс жасады. Ауылдардағы жиында осы мәселе талқыланды.
Аталған ауылдық округ әкімдері Айгүл Бекқалиеваның, Балым Коняеваның, Алмат Қаратаевтың ұсыныстарын тыңдай келе ауылдардағы белсенді, үлгілі, беделді азаматтар мен азаматшалардан билер кеңесі құрылып, төрағалары сайланды.
Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев сөз сөйлеп, билер кеңесін құруды қолдайтынын, олардың ауылдық округ әкімдеріне кеңесші ретінде көмегін тигізетініне сенім білдірді.
Н.ӨТЕЙ,
Жәнібек ауданы