15.09.2023, 17:45
Оқылды: 5

Жәнібек ауданында қаржы пирамидаларына қатысты мәселелер талқыланды

Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдиновтың төрағалығымен қаржы пирамидасы мен заңсыз құмарлық ойындарға төтеп беру, алаяқтықтың алдын алу бойынша жиын өтті.

80832B8A-5DF1-4A16-9FB0-CE001CD62226

Оған аудан тұрғындары қатысып, Батыс Қазақстан облысы бойынша Тергеп тексеру департаменті Криминалистикалық бөлімінің бас криминалисі, экономикалық тергеп тексеру қызметінің майоры Армат Қолғанатов түсінік жұмысын жүргізді.

– Қаржылық пирамидалардың Қазақстанда өркен жаюына қаржылық институттар мен құралдардың қажетті деңгейде жетілмеуі және халықтың қаржылық сауатының төмендігі себеп болып отыр. Шыны керек, Қазақстандағы ірілі-ұсақты қаржы пирамидалары жыл сайын халықты алдап, ақшасынан айырып жатыр. Өкініштісі, бұдан сабақ алып отырған адам аз, - деді ол.

Кездесуге келген тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, тиісінше жауап алды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале