Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері орталық демалыс саябағында демалушы оқырмандар назарына кітап көрмесін ұсынды.
Көрмеде отандық қаламгерлердің танымал туындылары, заманауи әдебиеттер мен тарихи-танымдық шығармалар ұсынылды.
Қатысушылар назарына М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұршайықов, Ш.Мұртаза, Т.Ахтанов, О.Бөкей сынды классик жазушылардың шығармаларымен қатар, қазіргі жас қаламгерлердің де еңбектері қойылды. Сонымен қатар, әр кітаптың мазмұнына қысқаша шолу жасалып, оқырманға бағыт-бағдар берілді, келушілер өздері оқыған шығармалар жайлы ой бөлісті.
Жалпы, мұндай ауқымды шаралардың ел ішінде кеңінен қолдау тауып, тұрақты түрде өткізіліп тұруы – ұлттық әдебиетіміздің жаңа деңгейге көтерілуіне, жастардың кітапқа деген қызығушылығының артуына ықпал ететіні сөзсіз.
Арай Сейфолла,
Жәнібек ауданы