1.12.2025, 20:00
Оқылды: 36

Жәнібек ауданында қос бірдей жаңа мектептің құрылысы басталды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов орынбасары Мирболат Бисеновпен бірге ауданда жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын көзбен көрді. Басшылар құрылыс қарқынын қадағалап, мердігерлерге нақты талаптарын қойып, бірқатар ескертпелерін де жеткізді.
image-01-12-25-06-56-4
Аудандағы ең ауқымды жобалардың бірі – екі жаңа мектептің құрылысы. Шойын жолдың арғы бетіндегі жерлестер мен Ұзынкөл ауылының тұрғындары үшін келер жыл жағымды жаңалықтарға толы болайын деп тұр. Әбден ескірген ғимараттарда білім алып жүрген оқушылар алдағы оқу жылын заманауи, толық жабдықталған жаңа мектептерде бастауы жоспарланып отыр.
image-01-12-25-06-56-6
Көп тілегі көл болып, аудан орталығының батыс бетінде 108 орындық шағын жинақты жаңа мектептің құрылысы бастау алды. Дәл сондай білім ордасы Ұзынкөл ауылында да салынуда. Шойын жолдың арғы бетіндегі мектеп құрылысын «Aga Building Group» ЖШС, ал Ұзынкөлдегі жаңа мектепті тұрғызуды «Наурыз» ЖШС өз мойнына алған.
image-01-12-25-06-56-5
Қазіргі таңда қос мектептің аумағы қоршалып, тазалау және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Екі мердігер де құрылыс жұмыстарын 2026-2027 оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.
image-01-12-25-06-56-2
Аудан орталығындағы мектептің бастапқы жұмыстарына жергілікті жерден 4 тұрғын тартылған. Ал Ұзынкөлдегі нысанның бас мердігері Тұраққали Бисенғалиев жергілікті  жерден 9 азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Жаңа білім нысандарының бой көтеруі ауыл балалары үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыратын, ал жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын маңызды қадам болып отыр. Аудан басшылығы құрылыс барысын жіті бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале