2.08.2024, 18:40
Оқылды: 150

Жәнібек ауданында мал азығын дайындау шығындары субсидияланады

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен ауыл тұрғындарының жиыны өтті.

IMG_1070

Жиында мал азығын жинауды ұйымдастыру мәселесі қозғалды.

– Биыл 26 мамырдан бастап шаруа қожалықтары мал азығын дайындауға кірісті. Қазірдің өзінде жетпіс күндей уақыт өтті. Мал азығын шамалы ғана өніммен толықтырдық. Осы мәселені аудан әкімдігі де, аудандық депутаттар да талай мәрте көтерді. Кеше облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен жиын өтіп, онда Жәнібек, Бөкей ордасы және ішінара Жаңақала, Казталов аудандарының кейбір ауылдық округтерінде төтенше жағдай жариялау жөнінде ұсыныс білдірілді. Осы бойынша аудан әкімінің төрағалығымен кеше комиссия отырысы өтіп, шешім жобасы дайындалып, тиісті құзырлы органдармен келісімге келу жұмыстары жүргізілуде. Қазір осы бағытта екі алгоритм дайындалды. Оның бірі шаруа қожалықтарына, екіншісі жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған. Шаруа қожалықтарының атында тіркеліп тұрған аналық мал үшін мал азығын дайындау шығындары субсидияланады. Соның ішінде аналық ірі қараға он сегіз айдан жоғары туғаннан, қойларға он екі айдан есептеледі. Қазір жоба аяқталып, келісім беру рәсімі жүргізіліп жатыр, тікелей облыс әкімінің қаулысы шығады. Келесі аптаның ішінде шаруа қожалықтары портал арқылы өтінім бере алады. Ірі қара малға 22 500, жылқының аналығына 8 300, қойға 3 300 теңге шамасында. Бұл бекітілген сома емес. Ереже күшіне еніп, шаруа қожалықтары өтінім бергеннен кейін келесі аптадан бастап, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қаражаттарын шаруа қожалықтарының есепшоттарына аударады. Ар жағында олар шөпті шауып ала ма, әлде сатып ала ма, ол енді өздерінің шаруасы, - деген Жақсылық Каримоллаұлы залдан қойылған тұрғындардың сауалына жауап берді.

IMG_1075

IMG_1074

Асқар Құсайынов
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале